Кино өнерінің көрерменге беймәлім тұстары (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кино өнерінің көрерменге беймәлім тұстары (ВИДЕО)

27.11.2015
Кино өнерінің көрерменге беймәлім тұстары (ВИДЕО)

Голливудтық кинофильмдерде адам сенгісіз көріністер бар. Мұның құпиясы неде?

Кинофильмнің жарыққа шығуына актердің шеберлігі, режиссердің ұйымдастырушылық қабілетімен қатар, арнайы эффектілерді жасайтын инженерлердің де қосар үлесі зор.

Кино әлеміне CGI технологиясының келуімен визуалды түрде небір ғажайыптарды жүзеге асыру мүмкіндігі туды.

Фильмде мұхитта немесе тауда өтетін оқиға бар делік. Ешқайда шықпай-ақ, бұл көріністерді бір ғана студияда түсуіруге болады. Ол үшін жасыл немесе көк түсті мата пайдаланылады.

Кино өнерінің көрерменге беймәлім өзге де тұстары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу