ҚР-ның Ұлттық банк қорында 218 тонна алтын сақталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР-ның Ұлттық банк қорында 218 тонна алтын сақталған

25.11.2015
ҚР-ның Ұлттық банк қорында 218 тонна алтын сақталған

ҚР Ұлттық банкі алтын-валюталық қорларды толықтыру үшін елде шығарылған барлық алтынды сатып алуды жалғастыруда.

ҚР Ұлттық банкі Монеталық операциялар және активтерді басқару департаменті директорының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, қордағы алтын көлемі 218 тоннаға жеткен. Соның ішінде 117 тоннасы Қазақстанда сақталған. Біздің ел әлемде 23-ші орында тұр.

«Біз осы саясатты одан әрі жалғастырамыз. Алтын бағасының өзгеруіне қарамастан, қаржы нарықтарында және әлемнің көптеген дамыған елдерінің қорлары құрамында маңызды рөл ойнайды», - деп атап өтті Ақылжан Баймағамбетов.

Хабарламаларға жазылу