Бауыржан Омарбеков Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Астана қаласындағы өкілі қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Омарбеков Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Астана қаласындағы өкілі қызметіне тағайындалды

25.11.2015
Бауыржан Омарбеков Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Астана қаласындағы өкілі қызметіне тағайындалды

Аталған қызметте Б.Б.Омарбеков облысымыздың кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық дамуы, инвестиция тарту және туризм мәселелерін қадағалайтын болады.

Бауыржан Бақытұлы Омарбеков 1983 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы экономист. Еңбек жолын «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалында менеджер болып бастап, «Тұран Әлем Банкі» АҚ ОҚФ, «БТА Банк» АҚ ШФ, «Альянс Банк» АҚ Шымкент қаласындағы филиалында сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, директордың орынбасары болып еңбек еткен.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің Бас директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары және аталған басқарманың басшысы қызметін атқарды.

Хабарламаларға жазылу