Қайрат Сақ: Міржақып Дулатұлының туған күні журналистердің мерекесі ретінде аталып өтуі керек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сақ: Міржақып Дулатұлының туған күні журналистердің мерекесі ретінде аталып өтуі керек (ВИДЕО)

25.11.2015
Қайрат Сақ: Міржақып Дулатұлының туған күні журналистердің мерекесі ретінде аталып өтуі керек (ВИДЕО)

Бүгін - Алаш ардақтыларының бірі, қоғам қайраткері, ақын-жазушы Міржақып Дулатұлының туғанына 130 жыл.

Ұлты үшін еміреніп, жұрты үшін тебіренген қаламгердің бар арманы - азаттықтың ақ таңы еді. Ол қазақ жастарынан жалын күтті. Олардың заманның заңғар шыңына ұмтылуына жол ашты.

«Міржақып Дулатұлының туған күні журналистердің мерекесі ретінде аталып өтуі керек. Себебі, Міржақып Алаш баспасөзі тарихында кәсіби журналист деңгейіне көтерілді. «Қазақ» «Ақ жол», «Еңбекші қазақ» газеттеріне қосқан үлесі оның журналистиканы ең жоғары дәрежеге қойғанын білдіреді», дейді алаштанушы ғалым Қайрат Сақ.

Сондай-ақ, зерттеушінің айтуынша, Міржақып Дулатұлының бүркеншік аттары толық ашылып, мұрасы толық жинақталды деп айту қиын. «Жазушы шығармашылығында зерттеуді қажет ететін тұстар әлі де баршылық».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу