Теңгенің бағамы өзгергеннен кейін қаржысын теңгемен ұстағандарға Ұлттық банк өтемақы берілетінін айтқан. Қазіргі таңда 450 мың отандасымыз өтініш жасап үлгерген. Бұл теңге бағамының өзгеруі салдарынан жинақ қаражатынан айырылған салымшылардың 50 пайызы ғана. Өтініш қабылдау 1 желтоқсанда аяқталуы тиіс. Сондықтан өтініш беруге небәрі бір аптадан астам уақыты қалды.
Айта кетсек, Ұлттық банк тамыз айының соңында отандық банктерде 1 миллион теңгеден жоғары депозиттік шот ашқан салымшыларға, ақша айырмашылығын төлеуге шешім шығарған еді. Сондай-ақ, «Тұрғын үй жинақ банкінің» де салымшылары осы қатарға ілікпек. Есепке қарағанда, бүгінде еліміздегі банктердің 2 миллиондай салымшысы болса, соның тең жартысы теңгелік депозиті барлар екен.