Павлодарда Жұматай Кенжеғалиевті еске алуға арналған еркін күрестен ХІІІ республикалық турнир мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Жұматай Кенжеғалиевті еске алуға арналған еркін күрестен ХІІІ республикалық турнир мәресіне жетті

24.11.2015
Павлодарда Жұматай Кенжеғалиевті еске алуға арналған еркін күрестен ХІІІ республикалық турнир мәресіне жетті

Павлодарда еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан чемпионы Жұматай Кенжеғалиевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында ХІІІ республикалық турнир аяқталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Байрақты бәсекеде Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 330-ға тарта спортшы бақ сынасты. 1999-2001 жылғы жасөспірімдер он салмақ дәрежесі бойынша топқа түскен жас палуандарға павлодарлық және Ресей Федерациясы мен Алматыдан арнайы келген төрешілер төрелік етті.

Үш мемлекет арасында тоғыз алтын, екі күміс пен үш қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы үздік атанды. Ресейлік спортшылар бір алтын, бір күміс пен бір қола медальге қол жеткізсе, қырғызстандық палуандар турнирден бірде бір медель иелене алмады. Еркін күрестен екі күнге созылған турнирде Павлодар облысының намысын қорғаған спортшылар екі алтын, бір күміс пен екі қола медальді қанжығаларына байлады. Жеңімпаздарға дипломдар мен чемпиондық белбеулер табысталды.
 

Хабарламаларға жазылу