Ақтөбе облысындағы көліктер келесі жылдан бастап, газбен жүре бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы көліктер келесі жылдан бастап, газбен жүре бастайды

24.11.2015
Ақтөбе облысындағы көліктер келесі жылдан бастап, газбен жүре бастайды

Облыс басшысы сөзінде нарықтағы Қазақстан өнімдерінің үлесін арттыру үшін импортты азайтып, экспортты көбейтуді мақсат етіп отырғандарын жеткізді. «Бізге сонымен қатар, экономиканың өсімін қамтамасыз ететін қосымша кіріс көздерін қарастыру керек. Басты міндет – Елбасы алдыға қойған экономика өсімін қамтамасыз ету»,-деді әкім.

Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, Ақтөбе облысында инфляция республикалық орташа деңгейден 1 пайызға аз болды.

Аймақта сонымен қатар, арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, облыс бюджеті 2,3 млрд теңгеге ықшамдалған.  «Сондай-ақ облыста жыл басынан бері индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына 800 млрд теңге жұмсалған. Облыста әзірге жұмысы тоқтап тұрған 2 кәсіпорын бар. Біз оларды жүргізуге бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз»,-деді облыс басшысы.   

 

Хабарламаларға жазылу