Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Маргарита Елисеева алтыншы орын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Маргарита Елисеева алтыншы орын иеленді

23.11.2015
Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Маргарита Елисеева алтыншы орын иеленді

Жарыстың екінші күнінде әйелдер арасындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының 53 келідегі өкілі  - Маргарита Елисеева сынға түсті.

Бұл салмақта Тайбэй спортшысы Су Чин Хсу чемпион атанса, күміс жүлдені қытайлық Сяотин Чен иеленді. Ал, филиппиндік Хидилин Диас қола жүлдегер атанды. Отандасымыз Маргарита Елисеева алтыншы орыннан көрінді.

Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Хьюстон (АҚШ).

Әйелдер. 53 келі.

1. Су Чин Хсу (Тайбэй) — 221 (96 + 125)

2. Сяотин Чен (Қытай) — 221 (101 + 120)

3. Хидилин Диас (Филиппин) — 213 (96 + 117)

6. Маргарита Елисеева (Қазақстан) — 202 (90 + 112).

Әлем чемпионатының бірінші күнінде жарысқа шыққан қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей (56 келі) жұлқа көтеруде 132 келіні бағындырып, кіші күміс медаль иеленді. Ал, серпе көтеру кезінде үш мүмкіндігінде де 150 келі салмақты еңсере алмай жарысты аяқтады.

Хабарламаларға жазылу