Лондондағы ерекше ас үй - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондондағы ерекше ас үй

22.11.2015
Лондондағы ерекше ас үй

Тұрғын үйді ауыстырар кезде, көп жағдайда ас үйге мән беріледі. Себебі, ас бөлмесінің кең әрі ыңғайлы болғаны жақсы. Егер қаржылай тұрғыдан шектеу болмаса, ас үйіңізді қалай жабдықтар едіңіз?

Лондонда Fiore di Cristallo ас бөлмесі 1,6 миллион долларға бағаланған. Бірегей туындыны жасау үшін 1 жыл уақыт жұмсалған көрінеді.

Fiore di Cristallo ас бөлмесі әртүрлі техникалар көмегімен жасалған. Атап айтсақ, ас үйден табиғи тасты, мурмандық әйнекті, Swarovski брендінен кристалдарды кездестіруге болады. Туынды авторы Клаудио Келибрити ас үйді жабдықтау кезінде бағалы тастар мен алтынды қолданбаған.

Ерекше шыққан бөлме шкафы қатты мыстан жасалса, туындының ортаңғы элементі ретінде 59 мың долларды құрайтын түссіз үстел қойылған.

Дәл үстел жанында  Swarovski-ден аспашамдар орналасқан.  Ал, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша (раковина) тау хрусталінен жасалған болса, бөлмедегі үстелдің үстіңгі тақтайы ретінде табиғи тастан дайындалған бұйым орналастырылған.  Сондай-ақ, тұрмыстық техникалар немістің Gaggenau фирмасы өнімдерімен жабдықталған.

Ең қымбат ас үйді құрастырушы Клаудио Келибрити  қиялымдағы ойды 100 пайыз іске асырдым дейді. Сонымен қатар, Fiore di Cristallo ас бөлмесінде 4 мың доллар тұратын вино шкафы  және  сатылымда жоқ заманауи тоңазтқыш бар.

Таңғаларлығы, бұндай ас үйді  тапсырыс арқылы жасатуға болады. 8 ай көлемінде күтсеңіз Fiore di Cristallo ас бөлмесінің көшірмесі сіздің жаңа үйіңізде де болады.

Хабарламаларға жазылу