Көзге арналған дәрумендер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көзге арналған дәрумендер

22.11.2015
Көзге арналған дәрумендер

Дәрумендер – адам ағзасына өте қажет. Олардың бір бөлігін ағзаның өзі синтездесе, қалғаны тағамдардан алынады.

Ал, дұрыс тамақтанбау -  көздің атқаратын қызметін де нашарлатады.

Дәрумендер қызметіне қарай бөлінеді – бір бөлігі қан айналымы жүйесін жақсартады, енді бір бөлігі сүйекті қатайтады деген пікір – дұрыс емес.  Олар ағзаға кешенді түрде қажет.

Тек кейбірінің ғана адамның көз сияқты  нәзік ағзаларына пайдасы мол болады. Оларға А, В, С, Е тобындағы дәрумендер жатады.

Көзге арналған дәрумендер қандай өнімдерде болады?

 

  1.  А дәрумені (ретинол)

Ол бойды өсіріп, жаңа жасуша түзілуіне септігін тигізеді. Иммунитетті жақсартады. Бұл дәрумен адамның көру қабілеті үшін өте қажет. Сондай-ақ, ол түнде көру қызметін де жақсартады.

Егер ағзаға А дәрумені жетіспесе, адам түстерді ажырата алмай қалады. Түнде көруі нашарлап, көз құрғайды. Конъюктивит  ауруы пайда болуы мүмкін.

А дәрумені мына өнімдерде болады: итмұрын, аскөк, майлы балық, қызыл сәбіз, шетен, асқабақ, қара өрік, сары май, сүзбе, сүт, бауыр және кілегей.

 

  1. С дәрумені

Бұл дәрумен ағзада бірнеше функция атқарады – көміртек алмасуы, коллаген синтезі, тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысып, қан ұюын қалпына келтіреді.

С дәрумені катаракта ауруының алдын алады. Сондай-ақ, көз іші қысымын реттейді. Дәрумен жидектерде, цитрустерде, жасыл алмада, қырыққабатта, болгар бұрышында болады.

 

  1. Е дәрумені

Бүл дәрумен катарактаның алдын алады. Сонымен қатар, ағза диабетке шалдыққан кезде адамның көру мүшесіне қолдау көрсетеді.

Е дәрумені қан ұюын реттеуге, ақуыз алмасуына, қан айналымына қатысады. Бұл дәрумен өсімдік өнімдерінде кездеседі:  күнбағыс, бүрген, зәйтүн, зығыр, жүгері  және тағы да басқа майларда.

Дегенмен, аз мөлшерде  етте, бүйректе, сүт пен жұмыртқада болады.

 

  1. В дәрумендер тобы

Бұл дәрумендер энергия өндіру қатысып, тыныс алуды реттейді. Сондай-ақ, жүйкенің қызметін жақсартады.

Егер ағзаға В дәрумендер тобы жетіспесе, көздің көру қабілеті төмендейді.

В1, В2, В3, В5, В6, В9, В12 дәрумендер бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар, бауыр, сүт өнімдері, ет, саңырауқұлақ, дәнді дақылдар, көкөністер, жұмыртқа мен балықта кездеседі.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді. 

ФОТО: caringmother.ru

Хабарламаларға жазылу