Әлемде талантты өнертапқыш балалар өте көп. Назарларыңызға ең қызықты өнертабыстар тарихын ұсынамыз.
1. Қарда жүретін көлікті канадалық Жозеф-Арман Бомбардье ойлап тапқан. Оған 15 жасында әкесі «Ford» көлігін сыйлайды. Бірақ көліктің жағдайы өте нашар болады, тіпті жүрмейді.
Арман көлікті бөлшектеп, одан жаңаша зат жасағысы келеді. Осылайша қарда жүретін көлік дүниеге келген. Кейінірек ол ұшақ және басқа да техника жасайтын компания ашады. Бұл компания әлі күнге дейін қарда жүретін көлік шығарады.
2. Батут жасау идеясы – 16 жастағы гимнаст Джон Ниссенге тиесілі. Қызығы – батут жасау тәсілі әлі күнге дейін өзгермеген.
3. Калифорнияның орта мектебінде оқитын Иша Каре мобильді телефонды қуаттайтын жаңа аккумулятор ойлап тапқан. Ерекшелігі - 20 секундта құрылғының қуаты толып, ұзақ уақытқа шыдайтын болған.
4. 1 ғасыр бұрын Фрэнк Эпперсон көшеге бір стақан газдалған сусынды түтікшесімен бірге тастап кетеді. Ал, 18 жылдан кейін, 1923 жылы, есейген Эпперсон осы оқиға есіне түсіп, дүкен ашқан. Онда мұз қосылған арнайы тоңазытылған жемістер сатады.
5. 15 жастағы Джек Андрака ұйқы безі, өкпе және аналық без обырын диагностика жасаудың әдісін ойлап тапқан. Оның бұл әдісі қолжетімді әрі 5 минуттан кейін қорытынды шығаратынымен ерекшеленеді.
6. Луи Брайль 15 жасында, 1824 жылы, зағип адамдарға арналған қаріп ойлап табады. Мұндай қаріпті дүние жүзі бүгінге дейін қолданады.
Интернет материалдары бойынша әзірленді