Травматолог мамандар қарапайым тілмен айтқанда, жарақатты емдейтін дәрігер. Травматолог бір жағынан сынықшы дегенге саяды.
Бірақ, сынықшылар арнайы білім, оқу орындарында оқымай-ақ, сүйегі сынған адамарды емдеудің ғажап өнері мен құпиясын толық игерген адамдар.
Олар сынған мүшелерді сырттай сипап отырып, уатылып кеткен сүйектерді орны-орнына салып, емдеген.
Адам жарақат алған кезде алдымен қандай көмек көрсетілуі қажет? Еліміздегі хирургиялық оталардың жетістіктері қандай? Травматологиялық ауруларды қалай емдейді? Бүгін 11:50-де «Дауа» бағдарламасынан көріңіз.