«Қымызхананы» көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қымызхананы» көріңіз

21.11.2015
«Қымызхананы» көріңіз

«Қымызхана» – Қазақ теледидары 1970 жылдары көпшілік назарына ұсынған бағдарлама. Ойын-сауықтық бағдарлама көрермендер назарын аз уақыттың ішінде өзіне қаратып үлгерді. Бірнеше жыл эфирден түспеген «Қымызханада» барлық оқиға қымызхананың ішінде өрбиді.

Алайда, аз уақыттан соң жабылып қалған бағдарлама 2006 жылы көрерменге қайта жол тартады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен сөйлеген сөздерінен қазақы мінез, қазақы әзілді айқын байқауға болады.

Сол кезеңдегі қоғамның келеңсіз тұстарын күлдіре отырып, көрсетуді мақсат еткен бағдарламаны бүгін 08:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу