«Қазақстан» телеарнасында әзіл кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телеарнасында әзіл кеші

20.11.2015
«Қазақстан» телеарнасында әзіл кеші

Осы жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әзіл-сықақшылар бақ сынасу үшін жиналды.

Көңіл көтеретін сан қырлы комедиялық, әзіл-қалжыңы аралас образдарды сомдайтын жаңа таланттардың қарасы артып келеді.  Жобадағы сайыстар нағыз тума таланттарды анықтауға мүмкіндік береді.

«Көңілашар» бағдарламасының редакторы Баянды Сахария: «Жоба бойынша өткізілген кастингке бастапқыда 300-ден астам адам қатысты. Іріктеу кезеңдері бойынша 36 дарынды жас таңдалып, олардың 24 жобаға жолдама алды. Ал жартылай финалға жобаның жеңімпазы атануға үміткер 11 қатысушы ғана шығады. Жеңімпаздардың болашағы зор, еліміздің танымал әзіл-сықақшысы Тұрсынбек Қабатов басқаратын театрдың мүшесі болуға жолдама алады. Шығарылымдардың барлық құпиясын ашпай-ақ қояйын. Бір айтарым, көрермендердің жүрегіне жол тапқан үміткерлеріміз көптеген жаңа әзілдерін дайындауда, әрі оларды үлкен, қызықты жаңа сайыстар мен сындар күтуде» деген болатын.

Осы шоудың форматы басқа әзіл-сықақ бағдарламаларынан ерекшеленеді. Көрермендер үшін бағдарламаға нағыз күлкі «театрына» айналды. Қатысушылар әлемдік және қазақ әдебиетінің үздік сахналық образдарын әзілмен үйлестіре отырып, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Көрермендер әйгілі классиктер Мольер, Гоголь, Мүсірепов, Әуезов, Аймауытовтардың және т.б. пьесаларының үзінділерінен алынған қойылымдардың куәсі болды.

Айта кететіні, бағдарлама қатысушылары еліміздің ірі телеарналарына шығумен қатар, танымал әртістермен бір сахнада өнер көрсету мүмкіндіне ие болады.

Жобаға қатысушыларды Досымжан Таңатаров, Қайрат Баекенов, Асхат Тарғын, Мұрат Қожа, Нұрлан Еспанов, Қанат Әлжапаров, Абай Бегей, Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлнұр Оразымбетова және т.б. эстрада жұлдыздары қолдап қана қоймай, оларға тәлімгер болды.

«Көңілашар» жобасына қатысушылардың бірі Данабек Қожатаев: «Менің тәлімгерім – Қайрат Баекенов. Ол кісі менің ұстазым ғана емес, досым да. Тәлімгердің болуы біз үшін үлкен қолдау. Олар бізге үнемі ақылдарын айтып, сахнада жүріп-тұрудың сырларымен бөлісіп, әрдайым кеңес беріп отырады. Нәтижесінде, сахнаға шыққан кезде бір бүтін болып, бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз», - деп, өз ойымен бөлісті.

Жобаға қатысушылар толқуларын жасыра алмады. Себебі әділқазылар құрамындағы жоғары деңгейдегі өз ісінің мамандары қатысушылардың хореографиясын, актерлік шеберліктерін, таңдаған тақырыптарын,  оны аша алу қабілеттерін бағалайды.

Бағдарлама әзілдің төркінін түсінген ересектердің ғана емес, сондай-ақ жастардың да көңілінен шығады деген үміттеміз.

Еліміздің үздік әзіл-сықақшыларының өнерін паш еткен «Көңілашар» бағдарламасын дүйсенбі мен бейсенбі аралығында «Қазақстан» телеарнасынан тамашалаңыздар! 

 

 

Хабарламаларға жазылу