Таразда Қазақ күресі федерациясының Кубогы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Қазақ күресі федерациясының Кубогы өтеді

20.11.2015
Таразда Қазақ күресі федерациясының Кубогы өтеді

ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев желтоқсан айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында федерация кубогының өтетіндігі туралы мәлімдеді.

Кубоктың бекітілген регламенті бойынша кубокка 18 жастан асқан палуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қатыса алады. Турнир Олимпиадалық схема бойынша өтеді.

Міндеттелген шарт бойынша кубокка қатысушы палуан клуб мүшесі болуы тиіс. Сондай-ақ, әрбір команда қазақ күресінің клубы екендігін көрсетуі қажет.

 Турнирдің жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

Хабарламаларға жазылу