Қазақстан аймақтары арқылы фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты кей аймамақтарда жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейді, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметінен.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген аудандарында тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде сырма жүреді, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.