Оралхан Рахимов – шыны үстінде жалаң аяқ жүретін жан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралхан Рахимов – шыны үстінде жалаң аяқ жүретін жан

20.11.2015
Оралхан Рахимов – шыны үстінде жалаң аяқ жүретін жан

Оралхан Рахимов бала кезінен шыны үстінде жалаң аяқ жүретін жандарға қызығып өскен. Табандылығы мен батылдығының арқасында ол бүгінде көздеген мақсатына жетті.

«Басында қиын болды. Бірақ, мен неге бара жатқанымды білдім. Сосын батыл кірістім»,-дейді өзі.

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті 48 келілік гір тасын тіспен көтереді. Шегені ағашқа қолмен қағып кіргізетін әдісі де талайды таңдай қақтырып жүр.

«Қандай да бір шараға қатысатын болсам, ешбір дайындықсыз барамын. Шеге қағарда тек ағаштарын байқап көремін. Шыныға жалаңаш денемен жатқанда да дайындық керек емес мен үшін».

Оралхан бұл межемен шектеліп қалмақ емес. Талапты жастың бар қызығы әлі алда. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу