А.Цой: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану соңғы 6 жылда 1,6 есеге төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Цой: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану соңғы 6 жылда 1,6 есеге төмендеді

19.11.2015
А.Цой: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану соңғы 6 жылда 1,6 есеге төмендеді

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Астана қаласында өткен «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты аймақтық кездесуде.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың туберкулезбен сырқаттануын төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, оның салдарынан туындайтын өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді», - деді А.Цой.

Вице-министр әртүрлі сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстан жыл сайын 1 млн-ға дейін еңбек мигранттарын қабылдайтынын, олардың 15 пайызы жұқпалы аурулармен, оның ішінде туберкулез және АҚТҚ-мен ауыратынын мәлімдеді. Отандарына ауруы анықталған 10 адамның көп дегенде біреуі ғана қайтарылады. Өзге мигранттар еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне өз ауыртпашылығын жүктеп отыр. Шамамен мигранттар ағынының үштен бір бөлігі 2 ірі қаланың еншісінде: Алматы және Астана.

А.Цой Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылып жатқандығын еске салып өтті. Аталған жоспарға мигранттар арасында туберкулезді емдеу мен алдын алу бойынша қызметтерді жетілдіру, жоғары деңгейде кездесулерді ұйымдастыру арқылы аймақтық диалогқа бастамашылық ету шаралары кіреді.

 

Хабарламаларға жазылу