«Бірге таңдаймыз!». Ескіні жаңарту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге таңдаймыз!». Ескіні жаңарту

19.11.2015
«Бірге таңдаймыз!». Ескіні жаңарту

Көпшіліктің сүйікті асы саналатын тағамның бірі –  мәнті. Оны әркім әрқалай түйеді. Дегенмен, қонақ келгенде мәнтіңіздің ерекше түйілгенін көріп, таң қалғанын қалайсыз ба? Онда бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабарында мәнтіні  түюдің әдістерін үйреніңіз.

Жартылай фабрикат тағамдардың зияны туралы не білесіз? Дүкендегі сүттің қайсысын алған дұрыс? Тетрапакет пе, әлде целлофан қалтадағы ма? Маманнан кеңес алыңыз.

Ескіні жаңарту. Сәні кетсе де, тастауға қимай жүрген көйлегіңіз болса, дизайнердің көмегімен ескі көйлекке жаңаша реңк беріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу