Шымкентте тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық көрмесі өтеді

18.11.2015
Шымкентте тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық көрмесі өтеді

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

AGRO – ауыл шаруашылық техникасы және жабдығы, жылыжайлар, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бағбаншылық, FOOD – азық-түлік, сусындар, жабдық және қаптама және HORECA – ас үй және сауда жабдығы және сауданы автоматтандыру сынды бөлімдерден тұратын халықаралық іс-шараға қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар қатысады деп күтілуде.

Осыған қарай, өңірге шетелдік инвестицияны тарту, елдегі кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін кеңейту көзделіп отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушыларға көрмедегі жабдықталған 9 шаршы метр алаңды тегін ұсынбақ.

«AgroProm Shymkent – 2015» көрмесін өткізуге біздің өңір кездейсоқ таңдалған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысы республикада ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің үлестік өнімінің көлемі бойынша көшбасшы атанып  отыр. 

 

 

Хабарламаларға жазылу