Дағдарыс экономикамызды қайта жаңғыртуға, жаңа деңгейге көшуге мүмкіндік береді - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағдарыс экономикамызды қайта жаңғыртуға, жаңа деңгейге көшуге мүмкіндік береді - Н.Назарбаев

18.11.2015
Дағдарыс экономикамызды қайта жаңғыртуға, жаңа деңгейге көшуге мүмкіндік береді - Н.Назарбаев

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елмен бірге көрген ұлы той» деген қазақтың сөзі бар. Дүниежүзіндегі халықтың барлығы лаңкестікті де, экономиканың жағдайын да көріп отыр. Бізде барлығы баяғыдай емес. Бұдан өтеміз. Болып жатқан жағдайды жаңартуға, жаңа экономикаға, жаңа бастамаларға, жаңа инвестицияларға жол ашатын жағдай деп санау керек. Оны қалай табу біздің мамандығымызға, білгірлігімізге байланысты. Осы күні Үкіметтің мүшелерінің барлығы білімді. Тілдерді біледі, оқып келген, дүниенің барлығын көрген. Қағазға қарап, интернетке қарап барлығын түсіне алады, біле алады. Жолды да табу керек. Тауып жатқан елдер де бар. Солардың да жолымен жүруге болады», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұл дағдарыс экономикамызды қайта жаңғыртуға, жаңа деңгейге көшуге мүмкіндік беретінін, бәсекеге қабілеттілік шараларын қабылдау өте ауыр қабылданатындығын баса айтты.

«Кез келген реформа - басшылар үшін ауыртпалықты іс. Бірақ батыл басшы мұнан өтеді. Өйткені оның нәтижесі халық игілігіне айналады. Егер ештеңе істемесек, онда 3,4 жылдан кейін халыққа ақша төлеуді мүлдем доғаратын боламыз», - деді ҚР Президенті.

Хабарламаларға жазылу