Мемлекет басшысы Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігінде болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігінде болды

16.11.2015
Мемлекет басшысы Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігінде болды

Мемлекет басшысы Франция мен біздің еліміздің арасындағы айрықша жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты, сондай-ақ таяуда өткен сапар барысында Қазақстан тарапына көрсетілген сый-құрметті бағалай отырып, Қазақстан халқының атынан көңіл айту үшін елшілікке арнайы келгенін айтты.

Қазақстан Президенті Парижде зұлымдықпен жасалған террорлық әрекеттер салдарынан көптеген жазықсыз азаматтар қаза болғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Осы азалы күндері біз Франция халқымен біргеміз. Бұл ел әлемдік тарих пен мәдениет ошақтарының бірі саналады. Сондықтан мұндай оқиға біздің бәрімізге де ауыр тиеді. Бұл наразылық пен қынжылыс тудырып қана қоймайды, барша адамзатты осындай әрекеттерге қарсы күресуге үндейді. Терроризмнің ұлты мен діні болмайды. Бұл – жалпыға ортақ қасірет. Біріккен Ұлттар Ұйымының таяуда өткен сессиясында мен «Ислам терроризмге қарсы» форумын ұйымдастыру, сондай-ақ осынау зұлымдықпен күрестің дүниежүзілік желісін құру туралы ұсыныс айттым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Хабарламаларға жазылу