Күніне қанша жұмыртқа жеуге болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күніне қанша жұмыртқа жеуге болады?

14.11.2015
Күніне қанша жұмыртқа жеуге болады?

Адамдар тауық және бөдене жұмыртқасын көп қолданады. Себебі құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер бар.

Алайда, дәрігерлер жұмыртқаны шектен тыс көп тұтынуға болмайтынын айтады. Мамандардың хабарлауынша, жұмыртқаны шамадан тыс көп жеу -  денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Жұмыртқа үш бөліктен тұрады: сарыуыз, оны қоршап тұратын ақуызы және қабығы. Олардың әрқайсысының құрамы мен пайдасы әртүрлі.

Тауық жұмыртқасы

Дүкен сөрелерінде жұмыртқаның екі түрі кездеседі – ақ және қоңыр. Олардың түсі дәмі мен құрамына әсер етпейді. Тек тауық  тұқымына байланысты. Егер тауықтың жасы үлкен болса, жұмыртқалары да үлкен болады.

Мамандар жұмыртқаның ағы мен сарысынан бөлек, жылына бір рет қабығын да тұтынуға кеңес береді. Алайда жұмыртқа қабығы тазалап жуылған және қайнатылған болуы керек. Оның құрамында: мыс, кальций, фтор, марганец, мырыш, темір, фосфор және тағы да басқа микроэлементтер бар.

Сондай-ақ, адам ағзасына жұмыртқаның құрамында болатын D дәрумені де пайдалы. Ол сүйекті қатайтуға септігін тигізеді. 

Бөдененің жұмыртқасы

Бөдененің жұмыртқасы диеталық өнімдерге жатады. Мұндай жұмыртқа бала гормонының дамуына, диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне  көмектеседі.

100 грамм бөдененің жұмыртқасының  тауық жұмыртқасына қарағанда калориясы көп.

Мамандар бұрыннан бөдене жұмыртқасын жүкті әйелдер рационына қосуға кеңес береді.  Себебі патологиялық аурулардың алдын алып, нәрестені әртүрлі пайдалы дәрумендермен қоректендіреді.

Сонымен қатар, бөдене жұмыртқасы иммунитетті көтеріп, ойлау қабілетін жақсартады. Оның құрамында: А және В тобы дәрумендері,  темір, калий, фосфор, кальций, кобальт және мыс бар.

Жұмыртқаны қалай тұтынған жөн?

Кейбір жұмыртқалар инфекция тудыруы мүмкін (мысалы, сальмонеллез).  Сондықтан дәрігерлер шикі жұмыртқаны тұтынуға болмайтынын ескертеді.

Диеталық тағам ретінде пісірілген жұмыртқаны пайдалануға болады.

Күніне қанша жұмыртқа жеуге болады?

Белсенділігі орташа ересек адамдар аптасына 6-7 жұмыртқадан көп жеуге болмайды. Ал, күніне 1-2 данадан артық болмағаны жөн.

Ал, холестерин деңгейі жоғары және қант диабетіне шалдыққандар 1 жұмыртқадан артық жеуге болмайды.

Бөдене жұмыртқасын күніне 4-6 данадан тұтынуға болады. 

Бала 1 жасқа толмайынша, оған жұмыртқа беруге болмайды. Жасқа толмаған балаларға жұмыртқаның кішкене бөлігін де жеуге рұқсат етілмейді.

Бала 1 жастан асқан соң рационына аз-аздап қосу керек. Алғашында аптасына бір жұмыртқа, уақыт өте келе 2-3 данадан берген абзал.

Бала жұмыртқаны тек пісірілген түрінде жеу керек. Себебі пісірілген жұмыртқада пайдалы заттар сақталады. Сондай-ақ, асқазанға ауыр болмайды.

Ал, бөдене жұмыртқасын 10 жасқа дейінгі балалар аптасына 3 данадан артық пайдалануға болмайды.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді

 

Хабарламаларға жазылу