«Баянауыл» ұлттық паркінің алты демалыс орны қыс мезгілінде жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Баянауыл» ұлттық паркінің алты демалыс орны қыс мезгілінде жұмыс істейді

14.11.2015
«Баянауыл» ұлттық паркінің алты демалыс орны қыс мезгілінде жұмыс істейді

Осы жылғы желтоқсан айының басында «Баянауыл» ұлттық паркінде қысты туризм маусымы басталады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Баянауыл» ұлттық табиғи паркі туризмді дамыту бөлімінің басшысы Талғат Бешенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда алты демалыс үйі туристерді қабылдауға әзір.

Қыс мезгілінде тұрғындарға «Алау», «Березка», «Сұлтан», «Жан», «Өрлеу» және «Жасыбай» демалыс орындары қызмет көрсетпек.

«Баянауыл өңірінде қысқы туризмді дамыту былтыр ғана қолға алынғанын ескерсек, бұл - жаман бастама емес. Өткен жылы ұлттық саябақтың демалыс ошақтарында 400-ге жуық турист тынықты. Биыл олардың қатары көбейетініне сенім мол. Қысқы маусым қар қалың түскенде ғана ашылады. Себебі таулы жерлерде қар молынан түспесе, қысқы спорт түрлерімен айналысу мүмкін емес. Жаңа маусымның ашылу уақытын желтоқсан айының басына межелеп отырмыз», - дейді Т. Бешембаев.

Хабарламаларға жазылу