Мысыр министрі өз елінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатындығын қуаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысыр министрі өз елінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатындығын қуаттады

13.11.2015
Мысыр министрі өз елінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатындығын қуаттады

Жүздесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жолдары талқыланды. Атап айтқанда, тараптар Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің жаңа құрамын құру, Мысыр тарапының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу,  Қазақстан бидайын Мысырға тасымалдауды жандандыру және алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одағы және Мысыр арасындағы еркін сауда туралы келісіміне қол қоюға қатысты мәселелерді қарастырды.

Б. Арын «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге байланысты жүріп жатқан дайындық жұмыстары мен іс-шараға қатысу шарттары туралы толық ақпарат берді.

Өз кезегінде Т. Қабил алдағы көрме тақырыбының өзектілігін атап өтіп, Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне Мысырдың қатысатындығын қуаттады, жуық арада МАР ұлттық секциясының комиссары тағайындалады деп сендірді.   

Тараптар Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің жаңа құрамын құру үдерісін жылдамдатуға және 2016 жылдың бірінші жартысында төртінші отырысын өткізу туралы уағдаласты, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігі.

 

 

Хабарламаларға жазылу