Сәбилерді қалай дұрыс тамақтандырған жөн? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәбилерді қалай дұрыс тамақтандырған жөн? (ВИДЕО)

13.11.2015
Сәбилерді қалай дұрыс тамақтандырған жөн? (ВИДЕО)

Жаңа туған нәресте үшін ана сүтінен асқан пайдалы азық жоқ. Ана сүтінің құрамында баланың жақсы өсіп-жетілуі үшін қажетті дәруменнің бәрі бар. Сондықтан, емізулі балаға қосымша тамақты 6 айлығынан бастап берген дұрыс.

Сәбиге алты ай толғанда күріштен, жүгеріден, сұлыдан немесе қарақұмықтан жасалған ботқа беруге болады. Бұл тағамдарды сүт немесе сары май қосып пісірген абзал.

Сондай-ақ, суға піскен жұмыртқа мен езілген жаңғақ та пайдалы. Олардың құрамында бала ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендер мол.

Ал, сәбиге жеміс шырынын қай жастан бастап, қанша мөлшерде беру керек? Тақырып жөнінде толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу