«Әйел бақыты» хабары стиліне көңілі толмайтын аруларға көмектеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» хабары стиліне көңілі толмайтын аруларға көмектеседі

13.11.2015
«Әйел бақыты» хабары стиліне көңілі толмайтын аруларға көмектеседі

Жасқа, дәрежеге, материалдық және психологиялық жағдайларға қарамастан, әйел адам әдемі болып жүруі тиіс. Әдемі болып көрінудің еш қиындығы жоқ.  Бар болғаны, еріншектікке жол бермеу.  

Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды.

Себебі, психологтардың айтуынша, сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады.

Әр әйел әдемі болуға лайық, сондықтан «Әйел бақыты» хабары өзіне сенімсіз, стиліне көңілі толмайтын аруларға көмек береді.

Екі аптада бір рет қайталанып отыратын тұрақты шығарылымды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:00-де көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу