Оңтүстік Қазақстанның ескекшілері Азия чемпионатында бес алтынды жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанның ескекшілері Азия чемпионатында бес алтынды жеңіп алды

11.11.2015
Оңтүстік Қазақстанның ескекшілері Азия чемпионатында бес алтынды жеңіп алды

«Атап айтсақ, 1000 метрлік екеулік байдаркада жерлестеріміз – Е.Алексеев сынға түсіп, топты жарса, 200 метрлік жұптық байдаркада ерлер арасында О.Янницкий, әйелдер арасында Н.Подойникова және Н.Сергеева, ал жастар арасында А.Борисов пен Г.Артемьев алтыннан алқа тағынды», деп хабарлайды Оңтүстік қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ерлер арасында Т.Хайдаров 200 метрлік каноэда жеңіс тұғырынан көрінді.

Сонымен қатар, күміс және қола жүлдегерлердің ішінде жерлестеріміз – А.Альшанский, Н.Сергеева, И.Подойникова, Ю.Березинцев, С.Молина және ағайынды Емельяновтар да бар.

Сөйтіп, әлем және Азия біріншіліктерінен ұлттық құрама спортшылары Рио олимпиадасына 7 жолдама алса, оның 4-уі Оңтүстіктікі.

Еске сала кетейік, қараша айының басында өңірімізде байдарка және каноэда есуден оқу жаттығу базасының спорт ғимараты ашылған болатын. 130 адамға арналған оқу жаттығу орны елімізде теңдесі жоқ әмбебап кешен болып табылады.

Хабарламаларға жазылу