Бесікарба таңдауда ескеретін ережелер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бесікарба таңдауда ескеретін ережелер (ВИДЕО)

10.11.2015
Бесікарба таңдауда ескеретін ережелер (ВИДЕО)

Бесікарбаларды таңдауда нені ескерген дұрыс? Алдымен оның қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, ыңғайлы болғаны жөн. Ана нәрестесін оған еш қиындықсыз жатқыза алуы тиіс.

Әмбебап бесікарбалар бірнеше жағдайда қолданылады. Оларға жаңа туған сәбиден бастап, 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді жатқызуға болады.

Бесікарбаларды таңдағанда ең бірінші ескеретін ереже - баланың арқасы көлденең жататындай болуы керек.

Сондай-ақ, бесікарбалар көлемі және дөңгелек сандарымен де ерекшеленеді. Оның өз салмағы 7-8 келіден жоғары болады. Баланың салмағымен қосқанда, 20-23 келіден аспауы керек.   

Бала көлігін сатып аларда тағы қандай жайттарды ескерген жөн? Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу