БҰҰ Даму бағдарламасы энергетика саласына инвестиция тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Даму бағдарламасы энергетика саласына инвестиция тартады

02.03.2016
БҰҰ Даму бағдарламасы энергетика саласына инвестиция тартады
Ұжымдық іс әуелі еліміздегі моноқалаларға энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін жобаларды енгізуден басталады.

Енді Біріккен Ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы Қазақстанның энергетика саласына инвестиция тарту ісімен айналыспақ. Инвестициялар және даму вице-министрі іргелі ұйыммен екіжақты келісімшарт бекітті.

Альберт Раудың айтуынша, қазір бұл салаға инвестор тарту ісінде ептеп тежелу бар. Жағдайды түзеу үшін енді жауапты министрлік халықаралық ұйыммен бірлесе жұмыс істемек.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу