Шарт бойынша үміткерлер жобаға ұзақтығы 3-5 минуттық қысқаметражды фильмдерін жолдай алады.
Туындылар деректі фильм, журналистік зерттеу, музыкалық видео немесе анимация түрінде қабылданады. Тақырып: әлем бойынша әйелдер мәселелері мен олардың шешілу жолдары.
Сондай-ақ, фестивальге аналардың денсаулығын қорғау, шағын қаржыландыру саласындағы бастамалар және кедейшілікпен күрес тақырыптары ұсынылады.
Байқаудың жүлде қоры - 20 мың АҚШ доллары. Өтінімдер қабылдау 15 қаңтарға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ijnet.org.