Оңтүстік Қазақстан облысының палуандары грек-рим күресінен Қазақстан кубогін жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының палуандары грек-рим күресінен Қазақстан кубогін жеңіп алды

09.11.2015
Оңтүстік Қазақстан облысының палуандары грек-рим күресінен Қазақстан кубогін жеңіп алды

Командалық сайысқа еліміздің 11 аймағының құрамасы қатысты.

Жарыстың алғашқы күнінде топтық кезеңде үздіктер анықталып, өз топтарынан Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысының командалары суырылып шықты.

Аталған үш ұжым жүлделерді өзара сарапқа салып, нәтижесінде жерлестеріміз 5:3 есебімен жеңіске жетті. Грек-рим күресінің командалары төмендегідей орналасты:

1.Оңтүстік Қазақстан облысы;

2.Ақтөбе облысы;

3.Қарағанды облысы;

4.Алматы облысы;

5.Атырау облысы;

6.Павлодар облысы;

7.Астана қаласы;

8.Қостанай облысы;

Хабарламаларға жазылу