Стамбулға жасаған жұмыс сапарында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Түркия футбол федерациясының вице-президенті Сервет Ярдымджымен кездесті.
Кездесуде өзара тиімді әріптестік жөніндегі келісімдер бекітілді. Әріптестіктің алғашқы қадамы Қазақстан Кубогының финалында түркиялық Джүнейт Чакыр бастаған төрешілер тобының қызмет атқаруы болмақ.
39 жастағы арбитр Чемпиондар Лигасының соңғы финалында италиялық «Ювентус» пен испаниялық «Барселона» арасындағы матчқа төрелік еткен еді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Азамат Айтқожин Стамбулдағы футбол инфрақұрылымымен танысып, Түркия футбол федерациясының жаңа кеңсесін аралады.