Пайдасыз косметикалық заттар туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пайдасыз косметикалық заттар туралы не білесіз?

08.11.2015
Пайдасыз косметикалық заттар туралы не білесіз?

Айна алдындағы күрес

Адамдардың көпшілігі  бет терісі қабынса, безеуді кетіретін заттарды сатып алуға жүгіреді. Негізінде, мұндай арнайы құралдар (скраб, гель) мәселені шешпейді, себебі олардың компоненттері теріге сіңбейді.

Арнайы құралдардың құрамында болатын натрий лаурилсульфаты тек беттің майлылығын азайтып, кептіреді. Бұл, керісінше, ауруды күшейтеді.

Егер бетке безеу шықса, косметологқа бару керек.

Ауыз қуысын шаюға арналған құрал

Сондай-ақ, адамдар ауызынан шығатын жағымсыз иіске қымсынады. Ал, ауыз қуысын шаюға арналған құралдарды шығаратын компаниялар тұтынушыларға түрлі өнімдерін ұсынады.

Алайда барлық ауыз шайғыш құралдардың құрамында спирт пен хош иістендіргіш болады. Ол ауыз қуысын құрғатады.

Мәселе тек бірнеше сағатқа шешілгенімен, біраз уақыттан соң бактерия одан сайын көбейеді. Ал, ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіс кетпейді.

Егер дәл осындай мәселе туындап жатса, тіс дәрігері немесе гастроэнтерологқа қаралу қажет. Себебі бұл кейбір аурулардың белгісі болуы мүмкін.

Мамандар ауыз қуысындағы тазалықты сақтау үшін тіс пен мүлікті жіппен тазалап,  сумен шаюға кеңес береді.

Жасартатын кремдер

Әрбір әйел жас әрі әдемі көрінгісі келеді. Көпшілігі 30 жастан кейін жасартатын кремдер қолданады.

Алайда мұндай құралдар терінің балғындығын қайтарып, қартаю процесін тоқтатпайды. Сондай-ақ, кремдердің құрамында қышқылдар болғандықтан, теріні беткі қабатындағы жасушаларынан тазартады. Ал, бұл – терінің қорғаныс қабаты. Бұдан кейін терінің  сезімталдығы күшейеді.

Теріні жасарту үшін косметикалық май жағып,  «қоректендіру» әдістерін жасау керек.

Сусабын

Сусабын шығаратын компаниялар тұтынушыларға ұсынатын құралдар  шашты тек тазартып қана қоймай, қоректендіріп,  түсуін тоқтататынын айтады.

Негізінде ешқандай сусабын шашты емдемейді. Оның өсуі мен мықтылығы басқа факторлармен байланысты. Мысалы, денсаулық, тамақтану, дәрумендер мен гормондар.

 

 

Хабарламаларға жазылу