Көп мөлшерде антибиотик пайдалану балаларды семіздікке душар етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көп мөлшерде антибиотик пайдалану балаларды семіздікке душар етеді

08.11.2015
Көп мөлшерде антибиотик пайдалану  балаларды семіздікке душар етеді

Соңғы зерттеулер бойынша, антибиотиктерді қолдану ересектер арасында да артық салмақ қосуға әкеп соқтырады.

Ауыл шаруашылығында  антибиотиктерді мал басының санын көбейтетін стимулятор ретінде  қолданады. «Антибиотиктерді қолдану  кез келген жаста артық салмақ жинауға әкеп соғады» - деп АҚШ-тың  Балтимор қаласындағы  Джонс Хопкинс Университетінде Блумберг қоғамдық денсаулық мектебі зерттеу жұмыстары авторы  Брайан С.Шварц мәлімдеді.

Ғалымдардың болжауынша, антибиотиктер тамақты ыдыратып, қорытатын бактерияның бір түрін жояды.  Ол асқазан ішек жолдарындағы  микрофлораның өзгеруіне әкеп соғады. Бұл зерттеу туралы International Journal of Obesity журналында жарияланған.

Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, тамақтанып отырған адам асқазанындағы микрофлораның өзгеруі – тағамдардың құнарлығын арттыруға әкеп соғады.

Антибиотиктердің организмге әсер етуі  туылмай жатып болуы мүмкін деген болжамдар да бар. Дат халқы ғалымының мыңдаған мектеп оқушыларына жүргізген  соңғы зерттеулеріне қарағанда, жүктілік кезінде анасының антибиотик қолдануы  балаға артық салмақ қосу қаупін ұлғайтады.

Кейбір қауіпті жұқпалы ауруларға антибиотик  қолданған абзал. Бірақ ғалымдарды алаңдатанын жағдай – ата-аналарының  балаларына қажет емес кезде антибиотикті көп мөлшерде қолдануы. Мұндай жағдайда зерттеушілер  дәрігердің  айтқанын орындау керектігін алға тартты. Егер дәрігер айтса, антибиотиксіз де сауығып кетуге әбден болады.

Хабарламаларға жазылу