Көлік құрастыру тарихында ең сәтсіз шыққан жобалар (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік құрастыру тарихында ең сәтсіз шыққан жобалар (ФОТО)

08.11.2015
Көлік құрастыру тарихында ең сәтсіз шыққан жобалар (ФОТО)
Автокөлік жасау тарихындағы 4 мысал жаңашылдықтың ылғи да сәтті аяқтала бермейтінін көрсетеді. 
 
Назарларыңызға сәтсіз аяқталған көлік жобаларын ұсынамыз.  
 
«AMC Pacer Ami»
 
 
 
 
Алғашқысы – америкалық компания жасаған екі орындық шағын көлік. 
«Pacer» - 1975-1980 жылдары шығарылған көлік.  Құрылысының  ерекшелігі үшін оны «Ұшатын аквариум» деп атаған. 
 
Ол өзге көліктерден жүргізуші есігінің шағындығымен ерекшеленеді. 
 
Сондай-ақ, оның капотының астында алтыцилиндрлі қозғалтқыш болған. Мұнай нарығындағы дағдарыс кезінде «Pacer» жобасы қолайсыз болғандықтан, өндірістен алынып тасталған. 
 
«Amphicar»
 
 
1961 жылы көлік жарысына қатысушы  неміс Ханс Триппель өмірі бітпейтін кептелістен шығатын жол іздейді. Сөйтіп, ол суда да, көлде де жүре беретін көлік жасауды қолға алады. 
 
Оның туындысын «Amphicar» (амфибия) деп атайды. 
 
 
 
Жұмыстың күрделілігіне қарамай, жоба сәтсіз аяқталады.  Себебі көлікке су кірмейтіндей етіп жасау – оның қолынан келмейді. Ал, мұндай көлікпен өзен арқылы жолды қысқарту - адам өміріне  қауіп төндіреді. Сонымен қатар, судағы «Amphicar» жылдамдығы – сағатына 7 миль болған.  
 
«Ford Pinto» 
 
 
 
2004 жылы «Forbes»  бұл көлікті тарихтағы ең сәтсіз жоба деп атаған. «Pinto» 1970-1980 жылдары сатылымға шыққан. Бүгінгі күнге дейін осы көлікке қатысты инженерлік біліктіліктің болмауы туралы пікір жиі айтылады. 
Көлікті жасау кезінде шығындар едәуір қысқарған. Шығындардың азайғаны соншалық, автокөлік 2000 АҚШ долларына сатылған. Алайда жүргізуші өмірі сақтандырылмаған. 
 
Яғни, көліктің жанармай құятын багы көліктің артқы бөлігінде орналасқан. Егер бұл жерге біреу соқтығысса, «Pinto» жарылып кететін болған. 
 
«Yugo GV»
 
 
 
«Zastava» маркалы югославиялық көлік  алғаш рет 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен көрмеде таныстырылған.  Көлік 2008 жылға дейін шығарылған.  Оның басқа көліктерден ерекшелігі - бағасында  (3990 АҚШ доллары). 
 
«Yugo GV» менеджерлері  сатылымды көбейту үшін тұтынушыларға  10 жылдық кепілдеме ұсынған. Алайда шағымдардың көбеюіне байланысты  көлік сатылымнан алынып тасталған.
 
 
Интернет материалдарынан

Хабарламаларға жазылу