Жазушы, публицист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қоғабай Сәрсекеев - 1939 жылы қазіргі Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген.
Ол 1963 - 1967 жылдары «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер, 1967 - 1982 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1983 - 1986 жылдары «Кітап жаршысы» («Друг читателя») газетінің редакторы болды, 1986-1990 жылдары «Жалын» баспасында бас редактор, республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, Кітап таратушылар республикалық қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған.
Повестер мен әңгімелерден тұратын «Кілт» (1967), «Қараша қаздар» (1974) деген жинақтары жарық көрді. «Қол мерген», «Кестелі орамал», «Ыбырай Алтынсарин», «Мұңлық-Зарлық», «Фатима», «Ашудас», «Сарбаздар», т.б. пьесалары республикалық театрларда қойылды. Сәрсекеев – «Қызыл жалау», (1979), «Заманақыр» (1983) тарихи романдарының авторы.
Бірқатар шығармасы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Қоғабай Сәрсекеев - Халықараралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Францияның Өнеркәсіпке жәрдемдесу қауымдастығының (SPI) алтын медалі мен Халықараралық ақпараттандыру академиясының алтын медалінің иегері.
Өмірінің соңына дейін «Қазақ» газетін қайта шығарып, оның кең таралуына, мазмұнды болуына барын салған қайраткер туралы хбарды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:45-те көре аласыздар.