Миландағы Боллате түрмесінің ғимаратында «InGalira» мейрамханасы ашылды. Мекемені тұтқындардың өздері басқарады.
Командаға арнайы екі жетекші аспаз шақырылған.
Түрме директоры Массимо Паризидің айтуынша, мейрамхана тұтқындардың қоғаммен байланысын нығайту, қайта қалпына келтіру мақсатында ашылған.
Мейрамханадағы тағамдардың орташа бағасы – 12 евро.