«Astana Arlans» бокс клубы алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылдың 23 қаңтарында өткізбекші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Arlans» бокс клубы алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылдың 23 қаңтарында өткізбекші

06.11.2015
«Astana Arlans» бокс клубы алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылдың 23 қаңтарында өткізбекші

«Astana Arlans» бокс клубы  Әлемдік бокс сериясының алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылы 23 қаңтарда өткізбекші. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Астана арландарының қарсыласы – әзірбайжандық «Баку Файрс». Естеріңізге саламыз, жеребе бойынша қазақстандық клуб D тобында жұдырықтасады. Әзірбайжан командасынан бөлек, олар «Пуэрто Рико Харрикайнс» және Өзбекстан  командасымен бақ сынасады. 

«Astana Arlans» боксшылары «Куба Домадорес» командасын қапы қалдырып, Әлемдік бокс сериясы бесінші маусымының жеңімпазы атанғанын болатын. 

Хабарламаларға жазылу