Әңгімелесу барысында Айдын Айымбетов қазақстандық және ресейлік ғалымдар әзірлеген ғарыш бағдарламасын толықтай орындағанын айтып берді.
Д.Ахметов Шығыс Қазақстан туралы, өңірде өндірілетін өнімдер жөнінде әңгіме қозғады. Басым жобалардың ішінде қуаты жылына 120 мың көлікті құрайтын республикадағы ірі автомобиль өндірісі - «АЗИЯ АВТО Қазақстан» акционерлік қоғамын атады.
Шығысқазақстандықтар атынан Айдын Айымбетовке әкім «SKODA Superb» көлігінің кілтін табыс етті. Бүгін қазақстандық ғарышкер Семейде студенттермен кездесіп, қаладағы мұражай-қорықтарды аралап, Абай мемориалына барады.