Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Ал, Ақмола, қарағанды, облыстарында жел тұрып, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-20 метр. Алматы мен Шығыс Қазақстан және Атырау облысында да желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метр болады. Батыс Қазақстан мен Қостанай облысының кей жерлерінде де тұман түсіп, жел тұрып, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-20 метр болады, кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.