Министрлік өкілдері енді комитеттің пайдаланушы қосалқы бөлімшелері мен құрылымдық бөлімшелері ұшу экипаждарының теориялық әзірліктері жөнінде қосымша сабақтар өткізіп, экипаж мүшелерін жұмысқа жіберер алдында олардың басқарушы нормативтік құжат талаптарын сақтауды қамтамасыз етуді назарға алады.
Сондай-ақ, түрлі ұшулар мен авиациялық жұмыстарға жіберуге негізделмеген рұқсат беруіне байланысты басшылардың дербес жауапкершілігін орнатпақ. Әуе кемелері экипаждары мүшелерін алдын-ала дайындау үдерісін бақылауға алады.
Сондай-ақ авиациялық персоналды әуе кемелері экипаждары үшін кеңістікті бағдарлауын жоғалту және күрделі кеңістіктік жағдайға тап болғандағы жай-күйді зерттеп-зерделеу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, оларға ұшу қауіпсіздігін арттыру жөніндегі практикалық ұсыныстарды қоса тапсыру, мамандардың басынан өткен аурулары, операциялары, емделу тәсілдері мен құралдарының орталықтандырылған есепке алу шаралар жүйесін дайындау, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің кезеңдік және оперативтік түрлеріне нәтижелі бақылау жасап отыру сияқты өзге де бірқатар шараларды назарға алатын болады.