Баспасөз мәліметтері бойынша, 2015 жылдың 23-қазанында Мұрат Құдышев «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен аталмыш банктің Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне сайланды.
Бүгін Банк басқармасының мәжілісінде М.Құдышев ҚДБ-нің шешуші менеджері ретінде таныстырылды. Ол қаржы және операциялық қызмет, экономикалық жоспарлау мен бюджеттеу, қазынашылық, халықаралық және ішкі байланыс мәселелерін үйлестіретін болады.
М.Құдышев 1985 жылы Алматы Шет тілдері педагогикалық институтын, сондай-ақ 1989 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Ол әр жылдары ҚР Ұлттық банкінде бас экономист, шетелдік операциялар департаментінің директоры, ҚДБ-ның вице-президенті, «Келісімшарт агенттігі» АҚ-ның президенті, «Самұрық холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры, «БЖЗҚ» АҚ-ның және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамдарының тәуелсіз директоры қызметтерін атқарған.
Осы банкке келердің алдында яғни, 2008-2015 жылдар аралығында Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.