Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына баратын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына баратын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі өзгерді

03.11.2015
Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына баратын Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі өзгерді

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының алдында Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі өзгерді. Қыздар арасындағы 69 келідегі Анна Нұрмұхамбетова жарақатына байланысты жарысқа бара алмайды. Оның орнына Лондон Олимпиадасының чемпионы – Майя Манеза барады.

Сондай-ақ, ерлер құрамасы сапында да өзгеріс бар. +105 келі салмақтағы Қазақстан Ұлттық құрамасының рекордсмені Селимхан Әбубакаров Ресей Федерациясы Президенті кубогына қатысуына байланысты Әлем біріншілігіне бара алмайды. Оның орнына Айдар Қазов (77 келі) немесе  Ермек Өміртай (85 келі) баруы мүмкін.

Ерлер:

Арли Чонтей (56 кг)

Фархад Харки (62 кг)

Нижат Рахимов (77 кг)

Денис Уланов (85 кг)

Жасұлан Қыдырбаев (94 кг)

Алмас Өтешов (94 кг)

Александр Зайчиков (105 кг)

Әйелдер:

Маргарита Елисеева (53 кг)

Карина Горичева (63 кг)

Жазира Жаппарқұл (69 кг)

Майя Манеза (69 кг)

Светлана Подобедова (75 кг)

Надежда Ногай (75+ кг)

Александра Аборнева (75+ кг).

Хабарламаларға жазылу