«Аңсар» әдеби байқауында кімдер үздік шықты? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аңсар» әдеби байқауында кімдер үздік шықты?

02.11.2015
«Аңсар» әдеби байқауында кімдер үздік шықты?

Қазақтың ағартушылық тарихында үлкен із қалдырған педагог-жазушы, этнограф, фольклортанушы Ыбырай Алтынсариннің бүгін туған күні. Оқу тәрбиесіне жаңа бағыт, жаңа серпін әкелген педагог Ырғызда  қыздарға арналған тұңғыш мектеп ашты.

1876 жылы қазақ хрестоматиясын жазып, 1879 жылы оқулықты басып шығарды. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі арқауы. Ыбырай Алтынсарин салып кеткен сара жолды бүгінгі жастар абыроймен алып келе жатыр.

Соған бір дәлел, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Аңсар» әдеби байқауы. Жарыс биыл үшінші рет өткізілуде. Байқау шарты бойынша қатысушылар 14-29 жас аралығында болуы керек. Қазылар алқасына еліміздің әр өңірінен 300-ден астам шығарма жолданған.

«Бұрын үш аталым бойынша жеңімпаз таңдалып келген еді. Яғни, «Жылдың жас прозашысы», «Жылдың жас ақыны», «Жылдың жас журналисі» деген.  Биыл осы журналист деген аталымды екіге, яғни,  «Ең жас тележурналист» және «Ең жас жазба журналист», деп бөлдік. Сондай-ақ, тағы бір жаңалық конкурсқа түскен шығармалардың жинағы дайындалып жатыр»,-дейді филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова.

Байқауда кімдер үздік шықты? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу