26 жастағы Мейірбек Жұмабеков бала кезінен боксқа қызыққан. Бірақ, ата-анасы мен дәрігерлер денсаулығына байланысты оған спорттың бұл түрімен айналысуға тыйым салған.
Балалық арманына қол жеткізе алмаған ол араға жылдар салып, бокс клубын ашты. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, боксқа қызыққан жастарға қолдау көрсету.
«Боксқа деген махаббат өшкен жоқ. Бастапқы кезде үлкен клубтар ашамыз деген сенім болмады. Ал, бүгінде қалада екі клубымыз бар. Алқашқыда кішкентай ғана залды жалға алып, бастаған едік. Болашақта Қазақстанның басқа қалаларынан да клуб ашу жоспарда бар»,-дейді Мейірбек Жұмабеков.
Қазір спорт клубында 100-ге жуық өрен спортпен айналысып жүр. Мұнда балалар жеті жастан бастап қабылданады.
«Көпбалалы отбасында өскен балалардың мүмкіндіктері жетпей жатады. Сондай отбасылардан 30 баланы тегін жаттықтырмақшымыз. Егер жақсы нәтиже көрсетіп жатса, спорттық жабдықтармен толық қамтамасыз етеміз. Жарыстарға алып барамыз»,-дейді клуб жетекшісі.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.