Әлемдегі алғашқы дүкен туралы білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі алғашқы дүкен туралы білесіз бе?

01.11.2015
Әлемдегі алғашқы дүкен туралы білесіз бе?

Ғалымдар мен археологтар бүгінгі күнге дейін алғашқы дүкен жөнінде дауласып келеді.   

Археологтар жүргізген зерттеулерге қарағанда, алғашқы  Египет пирамидаларының құрылысшыларын азық-түлікпен дүкендер қамтамасыз екен.

Бірақ алғашқы  супермаркет  қашан ашылғаны  жөнінде ешқандай даулы мәселе жоқ. Себебі мұндай дүкендер бертін келе пайда болған.

Алғашқы супермаркет АҚШ-та ашылған. Оның атауы – «Piggly Wiggly».

Дүкен Мемфисте 1916 жылы құрылған. Мұнда келушілерге дүкенде емін-еркін жүріп, әр тауардың жапсырма қағазын оқып, өздеріне қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік жасалған.

 Алайда онда арба болмаған. Ол тек 1937 жылдары ойлап табылған.

 «Piggly Wiggly» дүкені АҚШ-тың барлық штатында болған. 10 жылдан кейін мұндай супермаркеттің 3 мыңға жуығы ашылған. Олардың кейбірі әлі күнге дейін жұмыс істейді. 

Хабарламаларға жазылу