Шығыс Қазақстанда балықтардың ерекше түрлері өсірілетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда балықтардың ерекше түрлері өсірілетін болады

30.10.2015
Шығыс Қазақстанда балықтардың ерекше түрлері өсірілетін болады

Онда кез-келген аймақта кездесе бермейтін құнды деген балықтың бірнеше түрі өсірілетін болады. Ол туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Рамиль Сағындықов мәлім етті деп хабарлайды Altaynews.kz. 

Аталмыш жобаның авторы «Кузмичь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері. Жобаның жалпы құны 70 млн теңге.

Қазіргі таңда шаруашылық аймағына балық асырауға қажетті заманға сай мықты құрылғылар жеткізілуде.

«Өткен жылы Құлынжол округінде табиғаты ерекше аймақтарда ғана кездесетін балықтарды қолдан ұрықтандыру бойынша тиісті тәжірибе жүргізіліп, ол сәтті аяқталған. Жалпы алғанда біздің өңірімізде ол мүмкін емес болатын»,-дейді аудан әкімі Рамиль Сағындықов.

Оның сөзінше, арнайы инкубаторлардың көмегімен бұл істі жүзеге асыруға болатынына көз жеткізілді. Енді Ертіс-Зайсан су фаунасын қалпына келтіру жұмыстарын да шешу мүмкін болмақ. Оның үстіне, ауданда балық асырауға болатын тоғандар да жетерлік.     

 

  

 

Хабарламаларға жазылу