Қараша айының 4-7 күндері Орал қаласындағы «Арман» спорт кешенінде қазақ күресінен республикалық «Жас Барыс» турнирі өтеді.
«Жас Барыс» республикалық турниріне іріктеу IV кезең бойынша жалғасады. І-ІІ кезең 15-30 қыркүйекте ауылдық елді мекендер мен аудандарда өтті. ІІІ кезең 1-31 қазан аралығында облыстық, қалалық іріктеу жарыстары өтті. 4-7 қарашада ІV кезеңдегі турнир өтеді.
14-15 жастағы балалар 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, + 73 келіде, 16-17 жастағы жасөспірімдер 46, 51, 57, 64, 72, 81, +81 келіде өнер көрсетеді. Ал 18-19 жастағы жастар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелерінде белдеседі.
Турнирдің жүлдегерлеріне Спорт және дене шынықтыру істері комитеті тарапынан планшет, фотоаппарат, смартфон (ұялы телефондар), диплом және медальдар тапсырылады. Биыл «Жас Барыс» турниріне барлық облыстан 260 балуан қатыстады деп күтілуде.
Жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, "Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қауымдастығы", "Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы", "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры сияқты ұйымдар тарапына ұйымдастырылмақ.