Yamaha мотоциклші-роботты шығарды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Yamaha мотоциклші-роботты шығарды (ВИДЕО)

30.10.2015
Yamaha мотоциклші-роботты шығарды (ВИДЕО)

Yamaha мотоциклші-роботты шығарды Жапонияның Yamaha компаниясы бұл жаңалығымен YouTube сайтында бөлісті. Бейнероликте Motobot гуманоид-роботы мотоциклмен әрі-бері жүйіткіп жүр.

Мотоциклдің екі жағына қосымша тіреуіш орнатылған. Робот көліктің жылдамдығын арттыру, тежеу, оны бұруды біледі. Қазір ол жылдамдықты сағатына 100 шақырымға дейін арттырады. Келешекте бұл көрсеткішті 200 шақырымға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бір қызығы, бұл роботтың қолданылу мақсаты туралы өндіруші ешбір ақпарат бермеген.

Хабарламаларға жазылу